Республика күні қарсаңында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов компания ұжымын ұлттық мерекемен құттықтады. Бейнеконференция форматында өткен құттықтау шарасына еншілес ұйымдардың, бірлескен кәсіпорындардың және компанияның өндірістік филиалдарының қызметкерлері қатысты.
Өз сөзінде Әлібек Жамауов QazaqGaz ұлттық компаниясының еліміздің газ саласын дамытудағы маңызды рөлін атап өтіп, барлық жетістіктер ұжымның бірлескен еңбегінің, жоғары кәсібилігінің және үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.
QazaqGaz Басқарма төрағасы өндірістік бөлімшелердің қызметкерлеріне ерекше алғысын білдірді. Олардың жауапты еңбегінің арқасында газ инфрақұрылымын сенімді және қауіпсіз пайдалану, тұтынушыларды үздіксіз газбен жабдықтау және күзгі-қысқы кезеңде жұмыс тұрақтылығы қамтамасыз етілетінін Төраға ерекше атап өтті.
Мерекелік іс-шара аясында компанияның бірқатар қызметкері адал еңбегі және газ саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттармен және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Марапат иелерін құттықтаған Әлібек Жамауов, әріптестеріне зор денсаулық және жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.