"QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Асылжан Дәулетов Саралжын учаскесіндегі сейсмикалық барлау жұмыстарының барысымен танысты.
Ұлттық компанияның еншілес кәсіпорны - "QazaqGaz Барлау және өндіру" ЖШС Саралжын учаскесінің келісімшарттық аумағында МОГТ-2D әдісімен сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстар жер қойнауының геологиялық құрылымын нақтылауға, перспективалы құрылымдарды анықтауға және барлау бұрғылау үшін объектілерді дайындауға бағытталған.
Асылжан Дәулетовтің айтуынша, жалпы жұмыс көлемі 507 шақырымды құрайды, оның 147 км егжей-тегжейлі түсірілім, 360 км аймақтық.
"Қазіргі уақытта сейсмикалық түсірілімнің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар басталды. Сейсмикалық барлау жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Алынған нәтижелер перспективалы объектілердің геологиялық құрылымын нақтылауға және барлау ұңғымаларын салу орындарын таңдауды негіздеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті ол.
Саралжын учаскесіндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін "Каспий маңы"ГИН-1 жер қойнауын геологиялық зерттеу учаскесінде МОГТ-2D әдісімен сейсмикалық барлауға кірісу жоспарлануда. Жұмыстың жалпы көлемі 3 700 шақырымды құрайды. Алдымен аймақтық, содан кейін егжей-тегжейлі түсірілім жүргізіледі.