28 қазанда Астанада көшбасшылық әлеуетті дамытуға және компанияның ішкі кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған "Көшбасшылар пулы" корпоративтік бағдарламасының бірінші кезеңі салтанатты түрде аяқталды.
2025 жылдың мамыр айында басталған жоба QazaqGaz тобының жеті ұйымынан 26 қызметкердің басын қосты. Қатысушылар 650 үміткер арасында көп кезеңді іріктеуден өтті.
Бағдарлама барысында олар жалпы ұзақтығы 120 сағат болатын алты оқыту модулін игерді, жеке коучинг сессияларынан өтіп, кәсіби даму жоспарларын әзірледі. Оқыту Алматы, Ақтау және Шымкент қалаларында өтті. Жоба стратегиялық ойлау, басқарушылық құзыреттілік және функционалдық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.
Негізгі практикалық нәтиже өндірістік процестерді цифрландыруға, жабдықтың басқару тиімділігін және газ тасымалдау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған бес командалық жобаға негізделді. Финалдық қорғау барысында қатысушылар QazaqGaz басшылығына өз шешімдерін ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша ұсынылған шешімдердің инновациялылығын, цифрландырылуын, өндірістік маңыздылығын және тиімділігін көрсететін номинациялар бойынша үздік жобалар атап өтілді. Бағдарламаның басты жүлдесі халықаралық кәсіби тағылымдамадан өту мүмкіндігі болды.
"Адамдар-біздің басты құндылығымыз. "Көшбасшылар пулы" жобасы-адами капиталды дамытуға дәйекті түрде инвестиция салатынымыздың практикалық дәлелі. Бүгін ұсынылған жобалар тәжірибелік жалғасын тауып, олардың авторлары компаниядағы оң өзгерістерге себеп болғаны маңызды", - деп атап өтті "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов.
Финалда қатысушылардың кәсіби профильдерін, олардың жетістіктері мен жеке даму траекторияларын біріктіретін цифрлық платформа ұсынылды.