Туған күні мен туған өңірі | 1965 жылғы 17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. |
Азаматтығы | Қазақстан Республикасы |
Отбасылық жағдайы | Үйленген |
Білімі | Сертификатталған Тәуелсіз Директор (Cert IoD), Institute of Directors, UK. |
Еңбек өтілі | 22 жылдан астам уақыт бойы мұнай-газ секторында басшы лауазымында, соның ішінде 12 жыл қазақстандық ұлттық мұнай-газ компанияларында қаржы директоры болып жұмыс істеді. Оман Сұлтанатындағы PDO Petroleum Development of Oman (Shell операциялық компаниясы) компаниясында Компания бизнесін трансформациялау және Shell холдингінің Жаңа операциялық жұмыс моделін ендіру кезеңінде белсенді түрде атсалысып, шетелде жұмыс істеу тәжірибесін жинақтады. Қаржы, тәуекелдерді басқару және аудит саласында сараптама жүргізу білімі бар. Мұнай-газ компанияларын трансформациялау, өзгерістерді басқару және дағдарысқа қарсы басқару процестерін ендіру тәжірибесі бар. Қазақстанның құзыретті органы тарапынан басты қызметкерлердің бірі ретінде Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған) және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры сияқты еліміз үшін маңызды мұнай-газ жобаларын іске асыруға қатысты. Жұмысының негізгі бағыттары мен жетістіктері: кәсіпорынның жаңа стратегияларын әзірлеу мен ендіру, компаниялардың ескірген бизнес-модельдерін түрлендіру (трансформациялау), оларды өзгеріп отыратын бизнес ортаға бейімдеу, компанияларды корпоративтік басқару жүйелерін дамыту. «ҚСҚ» Қазақстанның Салық төлеушілер Қауымдастығы Басқарушы Кеңесінің құрамына, «ҚазЭнерджи» Қауымдастығы Сараптама Кеңесінің құрамына және Ресей Федерациясы Тәуелсіз Директорлар Қауымдастығына (РФ ТДҚ) кіреді. 6 жылдан астам уақыт «Қазақстандағы АльфаБанк ЕБ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор (аудит жөніндегі комитеттің төрағасы), «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Инжиниринг және Технологиялар Трансферті Орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор (стратегия және инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы, аудит жөніндегі және тағайындаулар жөніндегі комитеттердің мүшесі) болды. Қазіргі уақытта «АстанаГазКМГ» АҚ және «Әрекет» Жоғары технологиялар қоры» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып табылады. |