Мемлекет басшысының Алматы ЖЭО-ларын газға көшіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны – «Интергаз Орталық Азия» АҚ Алматы ЖЭО-3 үшін автоматты газ тарату стансасының(АГТС) құрылысын аяқтады.
АГТС-3 өнімділігі сағатына -150 мың текше метрді құрайды, кірістегі қысым– 5,4 Мпа, шығатын кездегі қысым – 1,2 Мпа.
АГТС-3 Алматы қаласының экологиясын жақсарту мақсатында ЖЭО-3-ті табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған. Жобаны жүзеге асыру қала мен оның маңындағы аудандардағы ауаның ластануын азайту арқылы Алматы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартады, сонымен қатар өсіп келе жатқан энергия тұтынуын жабуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін QazaqGaz газ инфрақұрылымын дайындау аясында ЖЭО-2 үшін АГТС және Қазақстан-Қытай магистральдық газ құбыры мен Алматы-Байсерке-Талғар магистральдық газ құбыры арасындағы ТИП-04 «Қайрат» газ өткелі құбырының құрылысы аяқталғанын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар, QazaqGaz Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын табиғи газбен сенімді және үздіксіз қамтамасыз ететін ұзындығы 62,4 км «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырының екінші желісін салуды мерзімінен бұрын жүргізуде. ЖЭО-2 және ЖЭО-3, сондай-ақ қолданыстағы «Алматы-Байсерке-Талғар» бір желілі газ құбырының тоқтатылуына байланысты төтенше жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, QazaqGazдың еншілес компаниясы - «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖЭО-2 нысанына арналған АГТС-нан бастап, ЖЭО-2 аумағына дейін жоғары қысымды жерасты газ құбырының құрылыс жұмыстары аяқталуда.