6 қарашада "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов ҚХР-на жұмыс сапары аясында Қашаған кен орнының шикізаты базасында қуаты жылына 2,5 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша қытайлық серіктестермен келіссөздер жүргізді.
Кездесудің басты нәтижесі - нысанды жобалауға, жеткізуге, салуға және пайдалануға беруге арналған шартқа қол қою болды (EPCC-келісімшарт). Құжат ұлттық компанияның еншілес ұйымы - "QazaqGaz Processing" ЖШС мен құрамына China National Chemical Engineering Sixth Construction Company - Kazakhstan Branch, China Wuhuan Engineering Corporation Ltd., "AVC Production" ЖШС және "C-NRG (Синерджи)" ЖШС кіретін консорциум арасында жасалды.
Жаңа зауыттың құрылысы Қазақстан үшін стратегиялық маңызды және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында іске асырылуда. Кәсіпорынды іске қосу Қашағаннан шикі газды қайта өңдеу көлемін едәуір арттыруға, сондай-ақ ішкі нарықты тауарлық газдың, сұйытылған көмірсутекті газдың (СГГ) және күкірттің қосымша көлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық әлеуетін нығайтады.