Газшылар алматылықтарға газ құбырлары мен ішкі газ жабдықтарының жағдайын тексеру қажеттігін еске салды. Cейсмикалық қаупі бар аймақтардың тұрғындары үшін жер сілкінісі болған жағдайда алдын ала отбасылық немесе ұжымдық іс-қимыл жоспарын жасау маңызды: үйдегі немесе жұмыстағы қауіпсіз және қауіпті жерлерді анықтау. Сондай-ақ жер сілкінісінен кейін кездесу орнын алдын ала анықтап, жедел телефон нөмірлерін жазып алыңыз.
Газ тұтынушылары төтенше жағдайға дайын болуы керек, сондықтан газ қызметкерлері жер сілкінісі болған жағдайда нені ескеру керектігін айтты.
Төтенше жағдайға қалай дайындалу керек?
- Үйіңіздің жағдайын - төбе, шатыр, мұржа электр сымдары мен газ құбырларының жағдайын тексеріңіз. Олардың жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қажет екенін анықтаңыз.
- Барлық тұрғындар қажет болған жағдайда электр қуатын, газды және суды өшіру үшін газ және су шүмектерінің қайда орналасқанын білуі керек.
- Пәтеріңізде (үйіңізде) газ, жарық және судың қалай өшетінін нақты анықтаңыз. Өшіру үшін кілт қажет болса, оны жауып жатқан клапанның жанына қойыңыз немесе байлаңыз.
- Алғашқы көмек көрсетуді үйреніңіз, бұл тек жер сілкінісі кезінде ғана емес, басқа жағдайларда да керек болуы мүмкін.
Жер сілкінісі кезінде ғимаратта қалып қойсаңыз:
- Егер сіз ас үйде болсаңыз, сілкіністің алғашқы белгісінде пешті тез өшіріп, газды жабыңыз. Бұл ықтимал өрттен қорғау үшін қажет. Бірақ пешке баратын жол ұзақ болса, уақытты босқа өткізбеңіз, жасырынғаныңыз жөн.
- Қауіпсіз жерде тұрыңыз: ішкі қабырғаға, бұрышқа, ішкі тесікке немесе жүк көтергіш тірекке қарсы тұрыңыз.
- Егер мүмкіндік болса, үстелдің астына жасырыныңыз, ол үстіңізге құлауы мүмкін заттардан қорғайды.
- Терезе мен ауыр жиһаздан алыс болыңыз.
- Егер жаныңызда балалар болса, оларды өзіңіздің денеңізбен қорғаңыз.
- Шамдарды, сіріңкелерді немесе оттықтарды қолданбаңыз - газдың шығуы өртке әкелуі мүмкін.
Егер далада қалып қойсаңыз:
– Жер сілкінісі кезінде далада болған жөн, үйге жүгірудің қажеті жоқ.
– Үстіңізге құлауы мүмкін ғимараттардан, отын және газ құбырларынан, люктерден және электр желілерінен аулақ болыңыз.
Эвакуация кезінде не істеу керек?
– Пәтеріңізді немесе үйіңізді белгісіз мерзімге қалдыруға тура келсе, үй-жайды консервациялауға дайындаңыз.
– Барлық терезелерді, балкондарды жабыңыз, газ бен суды өшіріңіз, желіден электр құралдарын суырыңыз, кіретін есіктерді бекітіңіз.
Жер сілкінісінен кейін
Газ және су құбырының зақымдалуын тексеріңіз. Ашық отты пайдаланбаңыз - газдың шығуы өртке әкелуі мүмкін.