2023 жылғы 12-14 желтоқсан аралығында Астанада QazaqGaz компаниялар тобының еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау департаменттерінің қызметкерлері үшін «Оқиғаларды тексеру» және «Экологиялық кодекс» тақырыптарында семинарлар өтті.
Тренинг аясында қызметкерлер өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін талдап, бақылау шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеп, QazaqGaz компаниялар тобында жаңа бастамаларды талқылады. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Оның ішінде қоршаған ортаға эмиссиялардың мониторингі, табиғатты қорғау саласындағы заңнаманың талаптары, сондай-ақ қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелері бойынша оқыту өтті.
«QazaqGaz компаниялар тобында біз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлеміз. Біз үшін әрбір қызметкердің ауысымнан кейін үйіне оралуы маңызды. Ол үшін 2023 жылы біз халықаралық компаниялардың озық тәжірибесіне назар аудара отырып, жаңа жеке қорғаныс құралдарын әзірлеп, енгіздік. Бұл ретте біз газ саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті барлық мүмкіндіктерді ескердік», - деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ HSE қызметінің басшысы Алтай Джакубалиев.
Шараға Қазақстанның әр өңірінен қызметкерлер қатысты. Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушыларға оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.