«Астананы, солтүстік және орталық өңірлерін газдандыру мақсатында«ҚазТрансГаз» компаниясы «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры жобасының құрылысына ТЭН әзірледі. Сараптаманың оң қорытындысы бар.Ағымдағы сәтте жобаны Еуропалық қайта құру және даму банкінен қарыз тарту есебінен қаржыландыру мәселесі жөнінде белсенді келіссөздер жүргізілуде» - деді Қ.Бозымбаев Астана қаласында сейсенбі күні өткен үкімет отырысында.
«Осыған байланысты «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры жобасын қаржыландыру шарттарын, схемасын айқындау үшін ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің, Астана әкімдігінің, «Самыұрық-Қазына», ҚМГ өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы қалыптастырылды» - деді министр.
Осы жобаның әлеуметтік-экономикалық әсері – бұл бәрінен бұрын 192 жеке қазандықтардың, 48 шағын қазандықтардың, жеке тұрғын үй секторының газға ауысуы, бұл шамамен 22 мың үй, сондай-ақ ЭЭО-1 мен ЖЭО-2 сұйытылған отыннан газға ауысуы. Зиянды лақтырындылардың жылына 35 мың тоннаға дейін төмендеуі күтіледі»- деп айтып өтті Қ. Бозымбаев сейсенбідегі үкімет отырысында. Бұрын Қ.Бозымбаев Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерін, Астананы газдандыруға мүмкіндік беретін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын 4 кезеңде салу жоспарланғандығын хабарлаған.
«Одан әрі газдандыру, оның ішінде астананы газдандыру бойынша бірнеше жоспар бар. Сметалық құны шамамен 370 млрд. теңге (ҚҚС-сыз) «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу жобасының ТЭН-і әзірленген. Бұл тораптық желілер төсеу мен жергілікті газ сақтау орындары құрылысына шығындарды есепке алмағанда.», - деді министр.
Бірінші кезеңде Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Астана бағыты бойынша ұзындығы 1081 шақырым магистральдық газ құбырын салу жоспарланып отыр, бұл қазынаға немесе инвесторға 267,3 млрд. теңгеге шығады.Екінші кезеңде Астанадан Көкшетеуға дейінгі, үшінші кезеңде – Петропавлға дейінгі газ магистралін тарту көзделген. Аяқтайтын төртінші кезең «Жезқазған» және «Теміртау» компрессорлық станцияларын салуды көздейді.- деп хабарлады Қ.Бозымбаев.