QazaqGaz компаниялар тобында қазақ тілін үйреніп жүрген қызметкерлер биылғы жылы алғаш рет бас қосты. 

Кездесу аясында арнайы интерактив ұйымдастырылды. Қызметкерлер бір-бірімен диалог өткізіп, “сүйікті қала” тақырыбында ой бөлісті. Қатысушылар өздерінің басынан өткен қызықты оқиғалармен бөлісіп, бір-бірімен аталған қалалардың несімен есте қалғандығын талқылады. Олар бейресми ортада, емін-еркін ана тілінде сөйлесіп, пікірлерін ортаға салды. 

Қазақ тілі клубы 2024 жылдан бері жұмыс істейді.