Қазақстан мен Өзбекстанның газ саласындағы өзара тиімді ынтымақтастығы екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев арасындағы достық қарым-қатынас арқасында мүмкін болып отыр.
Өзбек газын Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау туралы келісім екі елдің экономикалық және аймақаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған жаңа бағыты аясында қол қойылды.
Қазақстанның аумағы арқылы газ транзиттеу қысқы кезеңде Ташкент қаласының энергетикалық балансын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Келісімнің талаптары бойынша Қазақстанның аумағы арқылы 1 млрд. текше метрге дейін өзбек газы тасымалдануы тиіс. Шартқа 2018 жылғы 29 желтоқсанда қол қойылды.
Келісім газ тасымалдаумен байланысты барлық шығындар мен тәуекелдерді ескере отырып Қазақстан Республикасының аумағы арқылы газ тарнзиті бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеудің әділ мөлшерлемесін белгілейді.
Транзиттік жеткізулер «Газли – Шымкент» және «Бұхара газды ауданы – Ташкент – Бішкек – Алматы» магистральдық газ құбыры арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қол жеткізген уағдаластықтар, оларды сындарлы әрі өзара тиімді ете отырып, газ компанияларының өзара қарым-қатынастарына жаңа серпін береді.
Бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз» АҚ ортаазиядағы ең ірі газ транзиттеуші және өз газының экспорттаушысы болып табылады. Компания газ өткізу қуатын арттырып қана қоймай, сонымен қатар кез келген бағыттарға газ ағынын әртараптандыруға мүмкіндігі бар.
"ҚазТрансГаз" АҚ - Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 55 23 16