ҚР энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтің ҚХР жұмыс сапары асында «QazaqGaz»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қытайдың бірқатар энергетикалық компанияларының және мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесті. 

Атап айтсақ, QazaqGaz басшысы ҚХР мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Чжан Цзяньхуамен кездесу өткізді. Тараптар газ саласында жүзеге асып жатқан нақты және жаңа жобалар барысын талқылады. 

Сонымен қатар, Санжар Жаркешов CNPC Директорлар Кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен келіссөздер жүргізді. Тараптар геологиялық барлау саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі мен қазақстандық газ тасымалдау жүйесін дамыту, Қытайға газ экспорты мәселелерін көтерді. 

Бұдан басқа, Санжар Жаркешов PetroChina Company Limited Президенті Хуан Юнчжанжәне TAPline Директорлар Кеңесінің төрағасы Чжун Фаньмен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар қытайлық серіктестердің бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктерін де талқылады. 

Сондай-ақ, ұлттық компания төрағасы жетекші бұрғылау компанияларының бірі СИБУ өкілдерімен кездесіп, екіжақты серіктестік орнатуға қызығушылық танытты. Тараптар екіжақты серіктестік перспективалары, еліміздегі жобалардың жүзеге асырылуы мен жергілікті мамандарды оқыту туралы пікір алмасты. 

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығы CNPC жанындағы Great Wall инженерлік бұрғылау компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты серіктестік мүмкіндігі мен елімізде жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. 

Айта кетейік, QazaqGaz геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру үшін жаңа участкелерді алу жұмысын қарқынды жүргізіп, өзінің геологиялық барлау активінің ауқымын кеңейтті.