Қолданыстағы «Магистральдық құбыр туралы» ҚР Заңына сәйкес, Үкіметке магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалданатын мұнай және газ тәрізді өнім түрлері бойынша магистральдық құбырлардың ұлттық операторларын айқындау құзіреті бекітілген. Мұнай тасымалдауды ұлттық оператордың құқығында «ҚазТрансОйл» АҚ жүзеге асырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасында газ тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор айқындалмаған болатын. Үкімет қаулысына сай енді бұл функцияларды «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниясы «Интергаз Орталық Азия» АҚ жүзеге асыратын болады.

Жаңа ұлттық оператордың негізгі міндетіне тауарлық газды ішкі және сыртқы нарықтарға магистральдық газ құбырларымен тасымалдау кезінде мемлекет пен басқа да қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Одан бөлек, компания магистральдық газ құбырлары жүйелерінің инновациялық дамуын және оның әлемдік энергетикалық жүйеге интеграциялануын қамтамасыз ете отырып, тауарлық газ ағынын әртараптандыру арқылы мемлекеттің энергетикалық әлеуетін арттырады.

 Ұлттық оператор экспорттық бағыттарға тауарлық газды тасымалдау және магистральдық газ құбырларына қосылған ішкі тұтынушыларға тауарлық газды тасымалдау режиміндегі сенімді теңгерімді қамтамасыз етуін жалғастырады. Бұл әсіресе, газ тасымалы желілеріне ең үлкен жүктеме түсетін қысқы жылыту маусымында аса өзекті.

«ҚазТрансГаз» АҚ отандық, сондай-ақ шетелдік газ нарығында мемлекеттің «ҚазТрансГаз" АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына кіреді) мемлекттің мүддесін отандық газ нарығында, сондай-ақ шетелдік газ нарығында да білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистарльдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тауарлық газды тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық тарнзитті қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. 

"ҚазТрансГаз" АҚ Баспасөз қызметі,

байл. тел: +7(7172) 55 23 16