Спорттық жарыстарға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 30-дан астам еншілес ұйымдары мен филиалдарынан 500-ге жуық спортшы қатысты.

Спортшылар спорттың мынадай 9 түрі бойынша сайысқа түсті: шағын футбол, баскетбол, волейбол, бильярд, жүгіру және аралас эстафета, үстел теннисі, шахмат, шашка және тоғыз құмалақ.

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның қызметкерлері жарыстарға белсенді түрде қатысты. Ұлттық газ операторының атынан спартакиадада бас офистен, сондай-ақ еншілес компаниялар – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ-дан 32 атлет шықты. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның қызметкері Нұрқасымов Ғабиден жүгіру бойынша жарыста ерекше көзге түсіп, қола медальді жеңіп алды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Президенті (Басқарма төрағасы) Сауат Мыңбаев атап өткендей: «Спорттық іс-шаралар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының өміріне әлдеқашан кіріп, нық орнықты. ҚМГ-ның жиырма мыңға жуық дене шынықтырушыларының арасында бізден қатысқан жоғары деңгейлі спортшылар – халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлігіне үміткерлер аз емес. Жыл сайынғы спартакиадалар көптеген еншілес ұйымдарда да өткізіліп тұрады. Мұндай корпоративтік іс-шараларға қолдау көрсету – ҚМГ басшылығының қағидатты ұстанымы».

6 қыркүйекте спартакиаданың салтанатты жабылу және жарысқа қатысушыларды марапаттау рәсімі өткізілді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табыс етілді.