Есепті кездесу онлайн-конференция режимінде өтті және оған бүкіл өңірлерден еншілес компаниялардың еңбек ұжымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есеп берген Бас директорының міндетін атқарушы Ұлттық газ операторының бүкіл жұмыс процесіндегі оң динамиканы атап өтті. Осы жылы газ экспортының айтарлықтай артқаны байқалып отыр, осы кездің өзінде 2,2 млрд текше метр газ өткізілді, ол жоспарланған көлемнен айтарлықтай көп. Қазақстандық тұтынушыларға арналған газ өткізу жоспары да артығымен орындалды.
Негізінен, магистральдық газ тасымалдау 47 666,8 млрд. текше метрді құрады, оның ішінде ішкі тасымалдау - 9 211,1 млрд. текше метр, газды экспортқа тасымалдау - 7 905,9 млрд. текше метр. Халықаралық транзит 30 549,8 млрд. текше метр газды құрады, ішкі нарыққа 8 731 млрд. текше метр «көгілдір отын» өткізілді. Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша табиғи газды өндіру 170 млн. текше метрді, газ конденсаты 10,7 мың тоннаны құрады.
Мамыр айында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның еурооблигациялары бойынша 128 млн. АҚШ доллары сомасына қарыз қалдығы арзан несиемен және компанияның өз қаражаты есебінен өтелді.
Еліміздің газ тасымалдау жүйесінің қуатын арттыру жөнінде жұмыстар жалғастырылуда. Осы жылы қуатты «Бозой» мен «Қараөзек» компрессорлық станциялары іске қосылды. Газ тасымалы инфрақұрылымының жоғары технологиялық объектілері «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының қуатын жылына 10 млрд. текше метрге дейін арттырды. Осы станциялар жұмысы оңтүстікті іркіліссіз газбен қамтамасыз етуге кепілдік береді, сондай-ақ Қытайға 5 млрд. текше метр газ экспорттауға мүмкіндік туды. «Бозой» жерасты газ қоймасын қайта модернизациялау» инвестициялық жобасын іске асыру басталды.
Қазақстан Республикасында мотор отыны ретінде сығымдалған табиғи газды пайдалану арқылы газ-мотор жанармайын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС «Ақтөбе қ. автомобиль газ толтыру компрессорлық станциясын салу» жобасын іске асыруды бастады.
Компания Қазақстан үшін ғана емес сонымен қатар бүкіл ТМД аумағында теңдесі жоқ өңірлерді газдандыру және газ тарату жүйелерін жаңғырту бойынша орасан жұмысты жалғастыруда. Соңғы жылы барлық республика бойынша 20-дан астам елді мекен газдандырылды. Қазір 20 кент пен ауыл газдандырылуда. Газ тарату құбырларының ғана ұзындығы 46 мың км. «Тараз қ. газ тарату желілерін жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде жобаның 1-ші кезегінің барлық бес іске қосу кешендері пайдалануға енгізілді. Барлығы жобаны іске асыруды бастағаннан бері 712 км газ құбыры тартылды, 14 632 шкафтық пункт орнатылды.
Инновациялық-технологиялық секторда жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда. Осылайша, «Қарағанды көмір бассейнінде көмір қабаттарынан метан өндіру» пилоттық жобасының шеңберінде 5 тәжірибелік-пайдаланушылық және 3 геологиялық ұңғымалар бұрғыланды, одан әрі зерттеу үшін керн үлгілері алынды, ұңғымалардағы қабаттарды қарқындату бойынша операциялар жүргізілді. Зертханалар қорытындыларына сәйкес көмір сипаттамасы, газ құрамы және Шерубайнұра учаскесінің петрографикалық құрамы АҚШ-тағы ірі кен орындары Блэк Варриор және Орталық Аппалачиге ұқсас.
Осы жылдың тағы бір жаңалығы – 2017 жылғы 30 наурызда газды Қазақстанның астанасы Астанаға және солтүстік өңірлерге дейін жеткізе алатын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы бойынша дайындалған техника-экономикалық негіздемесі «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алынды.
Қанат Құрманалиев әлеуметтік мәселелерге жеке тоқталып өтті. Ол, бірінші жарты жылдықта компанияның қызметкерлеріне бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес әлеуметтік қолдау көрсетілгендігін айтты. «ҚазТрансГаз» АҚ-да қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылатындығы айтылды, ол компанияға өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша көшбасшы позицияға ие болуына мүмкіндік берді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының міндетін атқарушы Қанат Құрманалиев сонымен қатар 2017 жылғы екінші жарты жылдыққа арналған негізгі міндеттер мен жоспарларды белгілеп, «ҚазТрансГаз» АҚ барлық стратегиялық мақсаттарды іске асыруды жалғастыратындығын айтты.
"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ
баспасөз-қызметі Тел: +7(7172) 55 23 16