Жиналыстың күн тәртібінде «ҚазТрансГаз» АҚ 2015 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп басты тақырып болды. Сондай-ақ компания басшысы осы кезеңдегі негізгі оқиғалар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді. Одан басқа, Рустам Сулейманов әріптестерінің ұсыныстарын тыңдап, олармен газ саласының өзекті мәселелерін талқылады.

Бірінші мәселе бойынша Бас директор компания қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы статистикалық мәліметтерді жария етті. Ұлттық оператордың жұмысы өткен жылы, жалпы оң бағалануда. Барлық қорытынды көрсеткіштер жоспарланған шегінде қалып отыр. Бұл ретті, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты макроэкономикалық көрсеткіштердің айтарлықтай әлсіреуіне қарамастан, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-мен 270 млн. АҚШ доллары сомасына еурооблигацияларды кері сатып алу бойынша мәміле табысты жүргізілді, 400 млн. АҚШ доллары сомасындағы несие өтелді. Компания топтары бойынша қарыз міндеттемелерін 3 есеге азайтылды.

Компаниямен өткен жылы барлық өндірістік жоспарлар іске асырылғаны ерекше атап өтілді, олардың қатарында Қазақстан үшін айтулы жобалар – «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырының «С» тізбегінің желілік бөлігін және №2 мен №6 компрессорлық станцияларын пайдалануға беру, сондай-ақ «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырының Бейнеу-Бозой газ құбыры (ұзындығы 311 км) желілік бөлігінің құрылысын аяқтау бар.

«ҚазТрансГаз» АҚ сондай-ақ ел өңірлерінің қалалары мен елді мекендерінде газдандыру, желілерді жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру, активтерді жаңарту мен жаңасын құру бойынша бапрлық бекітілген инвестициялық бағдарламаларды орындауды табысты түрде жалғастырды. Сонымен қатар инновациялық-технологиялық сектордағы жобаларды іске асыру да жалғасын тапты. Қарағанды көмір бассейніндегі Шерубайнұра учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарының І кезеңі басталды. Ақтөбе облысы әкімдігінің, Қоғамның және Capital Gate Kazakhstan» ЖШС арасында Ақтөбе кен орындары тобының ілеспелі мұнай газдарын кәдеге жарату жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

«ҚазТрансГаз» АҚ трансформациялау бағдарламасын іске асыру аясында «Интергаз Орталық Азия» АҚ базасында Газ құбырларын пайдалану бойынша бірыңғай оператор, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС базасында Бірыңғай сервистік компания және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ базасында Бірыңғай сатып алуды ұйымдастырушы құрылды.

Өткен жылдың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне және өзекті жағдайларына тоқтала келе, Рустам Сулейманов компанияның әлеуметтік саладағы атқарған жұмыстары жайлы әңгімеледі. Мысалы, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында, сауықтыруға берілетін материалдық көмектен басқа, 1969 қызметкерге ерекше жағдайлардағы материалдық көмек көрсетілгені; 118 қызметкерге әлеуметтік жәрдемақылар мен өтемақылар төленгені, ауыра қалған жағдайда ерікті медициналық сақтандыруға шарттар жасалғаны атап өтілді. 

Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде корпоративтік рухты нығайтып, дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында өткен жылы «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар топтары арасында Спартакиада өткізілді. Бас директор Спартакиадада алғаш рет бір қатысу өңірінде орналасқан ЕТҰ қызметкерлерінен - «Астана», «Алматы», «Батыс», «Оңтүстік» командалары болып қалыптастырылғанын атап айтты.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша айта келе, Бас директор 2016 жылы жеткен жетістіктерді пысықтап, барлық алға қойған стратегиялық мақсаттар мен жоспарланған жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті. 

Кездесу кезінде болған еңбек ұжымымен ашық сұхбатта Рустам Сулейманов өзекті тақырыптарды талқылады және «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлерінің барлық қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді.