Мәліметтерге қарағанда, «ҚазТрансГаз» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 83,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштен 39 млрд теңгеге немесе 88% жоғары.

ҚазТрансГаз – еліміздегі ең ірі салық төлеушілердің бірі. «ҚазТрансГаз» компаниялар тобының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана бюджетке төлеген салықтары мен өзге де аударымдары 38 млрд. теңгеге жетті.

Есептік кезеңдегі сатылған газ көлемі 13.7 млрд. текше метрді құрады. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4 млрд. текше метрге немесе 41% көп. Осы ретте бірінші жартыжылдықта көлемі 3,1 млрд. текше метрді құраған Қытай Халық Республикасына жеткізілген газды есептемегенде, экспортқа шығарылған көгілдір отын көлемі 2,9 млрд. текше метр болды.

Шоғырландырылған таза пайда құрамындағы магистралдық тасымалдау үлесі 40%экспорттық операциялар 46%өзге қызмет түрлері 14% құрады

Өз кезегінде ұлттық оператор ішкі нарыққа газ жеткізуде қыруар шығын көріп келеді. Себебі отандық тұтынушылар газды өзіндік құнынан төмен бағаға сатып алады, ал ұлттық оператор бағадағы бұл айырмашылықты өзінің табысынан жауып отыр. Бұл бағыттағы бірінші жартыжылдықтағы шығын 27 млрд. теңгеге жетті.

"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен қамту саласындағы Ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ Компаниялар тобына газ өндіретін және оның өнімдерін тасымалдап, жеткізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі 

тел: 8(7172) 55 23 16