Компания басшылығы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік тілді еркін меңгерген жастарды қолдау, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру шеңберінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген қызметкерлерді көтермелеу үшін лингвистикалық сайыс ұйымдастырды.
Конкурсқа әрбір компаниядан 10 қатысушыдан 5 команда құрылып, компанияның барлық бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Сайыс үш турмен өткізілді.
Бірінші турда сауаттылықты анықтау үшін «Біліміңді сынап көр» деген арнайы тест болды. Екінші турда конкурс қатысушылары қазақ әдебиеті мен мәденеиеті туралы білімдерін көрсеткен «Ұшқыр ой мен шешен тіл» деген викторина ұйымдастырылды. Қорытынды кезең «Ел іші өнер кеніші» деген үшінші турмен аяқталды. Командалар алдын ала дайындап келген қазақша әндерін салып, би билеп, ұлттық аспаптарда ойнап, көркем сөз оқып, сахыналық көріністерін көрсетті.
Барлық қатысушылар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерінің жоғарылығын, ел тарихын, тұрмыстық мәдениетті, сондай-ақ қазақ халқының бай салт-дәстүрлерін жақсы білетіндіктерін көрсете алды. Барлық қойылымдар әсерлі, тамаша көңіл-күймен өтті, әсіресе жеке ән салған қызметкерлер мен флэш-моб ерекше тартымды болды.
Жиналған бал сандарының қорытындысы бойынша бірінші орынды «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Дала Қырандары» командасы, екінші орынды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның «Болашақ» командасы, үшінші орынды «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-ның «Өнеге» командасы жеңіп алды. «ҚазТрансГаз» АҚ-ның «Мәңгілік ел» командасы және «Амангелді Газ» ЖШС-ның «Алау» командасы арнайы марапаттаулар алды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, ал қатысушыларға – кәдесыйлықтар табыс етілді.
Сайыс соңында «ҚазМұнайГаз» АҚ газ тасымалы және маркетингі жөніндегі аға вице-президенті, «ҚазТранГаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Ибулла Серді компания үшін осындай іс-шаралар дәстүрлі мереке болып келе жатқанына ерекше тоқталды. «Осы жылы конкурс ерекше әсерлі болғанын айту керек» - деді Ибулла Серді – Барлық қатысушылар мемлекеттік тілді меңгеруде және салт-дәстүрді білуде жоғары деңгей көрсетумен қатар, дер кезінде жылдам шешім қабылдай алу, жан жақты болу сияқты өзіндік қасиеттерін қолдана алды. Ал бұл біздің газ саласының қызметкерлері үшін өте қажет, себебі біздің қарым қатынас жасайтын қызметіміздің аясы кең. Бұған біздің тұтынушыларымызбен, шетелдік серіктестеріміздің кең тобымен тікелей қарым қатынасты жатқызуға болады. Сондықтанда мемлекеттік тілімізді жетік меңгеріп, оны дамытып, күнделікті жұмысымызда сауатты қолдану өте маңызды және перспективалы іс.