«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Рустам Эдуардұлы Сулейманов тағайындалды.
Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Рустам Эдуардұлы Сулейманов «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының маркетинг және коммерция бойынша орынбасары (Басқарма мүшесі) қызметін атқарған.
Рустам Эдуардұлы Сулейманов 1973 жылдың 4 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келген.
Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша бітірген.
Газ саласында 1997 жылдан бері еңбек етіп келеді.
1997-2000 ж. «Алаутрансгаз» ЖАҚ қаржы инспекциясын, қаржылық бақылау бөлімін, экономикалық бөлімдерді басқара отырып, түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2000-2002 ж. «KTG Distribution» ААҚ газбен жабдықтау жобасы жөніндегі жұмыс тобының консалтингтік менеджері, аймақтық менеджері болып қызмет етті.
2002 - 2013 жж. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ маркетинг және контрактілер департаментінің директоры.
2013 - 2014 жж. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Басқарушы директоры (Басқарма мүшесі).
2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың ақпанына дейін – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының даму жөніндегі орынбасары.
2015 жылдың ақпан айынан – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының маркетинг және коммерция бойынша орынбасары (Басқарма мүшесі).
"ҚазТрансГаз" АҚ – газ және газбен жабдықтау саласындағы Қазақстанның ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіретін, тасымалдайтын және газ өнімдерін қайта өңдеумен, сатумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 55 23 16