Көрмеде ҚазМұнайГаз, Каспий Құбыр Консорциумы, ТШО, Лукойл, Татнефть, ТМК сияқты ірі компаниялар өз стендтерін ұсынды. Беларусь Республикасы мен Германия ұлттық стендтерін көрсетті, сондай-ақ іс-шарада Волгоград, Самара облыстары, Башқұртстан Республикасы, Мордовия Республикасы, Татарстан Республикасы, Удмурт Республикасы және Ханты-Мансийск автономиялық округі кәсіпорындарының экспорттық әлеуеті көрсетілді.

KIOGE-нің үшінші күні көрме ұйымдастырушыларының марапаттарын тапсырумен атап өтілді. Дәстүрлі түрде қатысушылардың стендтері де номинациялармен марапатталды. Жаңашылдығы үшін «ҚазМұнайГаз» АҚ стенді «Most Innovative stand Design» марапатына ие болды, «Таграс» компаниясы үздік корпоративтік стендті ұсынды, ал «Татнефть» «Best Stand Design» марапатын алды, Беларусь Республикасының ерекше стенді KIOGE көрмесінде үздік ұлттық стенд болды.

Биыл алғаш рет KIOGE 2021 - «Мұнай және газ» халықаралық көрмесінде «ҚазТрансГаз» АҚ дербес газ компаниясы ретінде таныстырылды.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ өндірістік филиалдарының қызметкерлері мен инженерлік-техникалық орталығының өкілдері көрмеге келушілерді таныстырған өзінің ерекше ресімделген стенді үшін «ҚазТрансГаз» АҚ ұйымдастырушылардан «KIOGE – 2021 үздік дебюті» марапатын алды.

Барлық әріптестерімізді марапатпен және «ҚазТрансГаз» АҚ компаниясының жаңа мәртебесінің танылумен құттықтаймыз!