Отырысқа төрт елдің газ тасымалдау компанияларының өкілдері, оның ішінде: «ҚазТрансГаз» АҚ, ТүрікменГаз, ӨзТрансГаз МК, «Asia Trans Gas» БК, «Азиялық газ құбыры», CNPC international (Turkmenistan) және Пекин үйлестіру орталығының өкілдері қатысты.
Қатысушылар 2016-2017 жж. табиғи газ тасымалдауға және Трансазиялық құбыр жүйесін пайдалануға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Р.Сулейманов Кеңестің жұмысына қатыса отырып, бірлескен өнімді жұмыс үшін әріптестерге алғысын білдірді, ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын атап өтті және ҚазМұнайГаз бен және PetroChina компаниясы арасында қол жеткен уағдаластықтар шеңберінде «ҚазТрансГаз» 2016 жылдың 4-тоқсанында Қытайға өз газымызды экспорттауды бастайтынын хабарлады. Қытайлық тұтынушылар алдағы қыста түрікмен және өзбек газын ғана емес, Қазақстаннан жеткізілетін газды да тұтына алатын болады.
Түрікмениядан, Өзбекстан мен Қытайдан келген әріптестер «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының маңыздылығын, сондай-ақ ҚазТрансГаздың жаңа компрессорлық станцияларды және сығымдаушы қуаттарды уақтылы салуын атап өте отырып, «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» МГҚ-ның даму қарқындарын жоғары бағалады, бұл магистральдық газ құбырына барлық қатысушы елдердің тасымалдауды кеңейтуіне және Қытайға газ экспортын арттыруына мүмкіндік береді.
«ҚазТрансГаз» АҚ Орталық Азиядағы 54 мың км-дан астам магистральдық газ құбырын және газ тарату желілерін қамтитын ең ірі газ тасымалдау жүйесін басқарады, газды барлауды, өндіруді, өңдеуді, тасымалдауды, сақтау мен өткізуді қамтамасыз етеді.
«Қазақстан – Қытай» МГҚ ұзындығы 1300 км, Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасынан басталып, Қазақстан мен Қытайдың шекарасы – Қорғаста бітетін «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» МГҚ-ның құрамдас бөлігі болып табылады.
Бүгінгі таңда «С» желісінде қазір өнімділігі жылына 20 млрд.текше м. желілік бөлік пен 4 компрессорлық станцияны салу аяқталып, пайдалануға берілді. 2017 жылы «С» желісінің барлық объектілерінің құрылысын толық аяқтау жоспарланып отыр, бұл өнімділікті жылына 25 млрд.текше м. ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Отырыстың қорытындылары бойынша Хаттамаға қол қойылып, оған табиғи газды жеткізу мен тасымалдау жөніндегі келісілген жоспар-кесте және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің биылғы жылдың ІV тоқсаны мен 2017 жылға арналған кестесі енгізілді.
«ҚазТрансГаз» АҚ-ның Баспасөз қызметі
Тел: +7(7172) 552316