Оның ішінде Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қызметкерлері Нұрғали Жалдаев пен Мұхтар Рамазанов та бар.
Өзінің құттықтауында Әсет Исекешев қазақстандық геологтар өздерінің жоғары жұмыс деңгейі мен тәжірибесі арқасында бүгінгі таңда отандық экономиканың дамуына ғана емес, тұтас алғанда, саланың дамуына да өздерінің елеулі үлестерін қосуда. «Геолог – әрқашан батыл, романтикалық кәсіп деп саналып келді, қазір ол одан да қызығырақ әрі күрделі бола түсті, - деп атап өтті министр. – Өйткені, егер бұрын геологтың бейнесін балғамен және жолдорбамен ғана байланыстырып келген болсақ, қазір бұл сала көптеген жағынан, оның ішінде ғылымда да алға ілгеріледі».
Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев салтанатты жағдайда наградалар ұсынды. «ҚазТрансГаз» АҚ Газ өндіру жөніндегі департаменті директорының міндетін атқарушы Нұрғали Жалдаев жер қойнауын геологиялық зерделеуге қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Жер қойнауын барлау үздігі» белгісімен марапатталды. «Амангелді Газ» ЖШС-ның бас геологы Мұхтар Рамазанов геологияға сіңірген зор еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы» кеуде белгісімен марапатталды.