Конкурстың тестілеу формасында өткен теориялық бөлігі аясында тапсырмалар 40 сұрақтан тұрды. Олар өндірістік, экологиялық қауіпсіздік, еңбек пен денсаулықты қорғау мәселелерін қамтыды. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында Конкурстық комиссия қатысушының өндірістік алаңда атқарған жұмысының сапасына, еңбектің ұтымды және қауіпсіз тәсілдерін қолдануына, өндірістік дербестілігі деңгейіне, тапсырманы орындауға жұмсаған нақты уақытына, сонымен қатар алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына баға берді.
Конкурсқа қатысушыларды жариялау және марапаттау салтанатты түрде өткізілді. Беделді конкурс комиссиясы конкурс жеңімпаздарын мынадай номинациялар бойынша анықтады:
Мамандықтар | Филиал | А.Ә.Т. | Орын |
Технологиялық компрессорлар машинисі | Атырау | Кастерин Сергей Павлович | 1 |
Орал | Стандник Валерий Александрович | 2 | |
Шымкент | Турамурадов Арыстанбай Заркунович | 3 | |
Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері | Атырау | Камиев Алибек Наурызгалиевич | 1 |
Инженерлік-техникалық орталық, Орал қ. | Аульбаев Серик Саттыгулович | 2 | |
Тараз | Гребещенко Игорь Анатольевич | 3 | |
Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесарі | Орал | Бексеитов Нурланбек Казиуллаевич | 1 |
Атырау | Сисембаев Аманжан Жалғасбайұлы | 2 | |
Тараз | Ериков Айболат Алматович | 3 | |
Технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі | Атырау | Рахов Избасар Изгалиевич | 2 |
Желілік құбыр жүргізушісі | Ақтөбе | Бакытжанов Даулет Жолдыбаевич | 1 |
Атырау | Сабитов Бекболат Сабитұлы | 2 | |
Орал | Кусанов Утеп Кайркулович | 3 | |
Газбен кесуші | Атырау | Нығмет Самат Ермекұлы | 1 |
Ақтау | Конысов Берик Бактигереевич | 2 | |
Ақтөбе | Төремұратов Марат Нәлібайұлы | 3 | |
Жерасты құбырларын коррозиядан қорғау монтері | Қостанай | Ткаченко Олег Борисович | 1 |
Шымкент | Галиев Александр Сергеевич | 2 | |
Атырау | Ергужиев Бауржан Багитжанович | 3 | |
Газ тарату станциясының операторы | Қостанай | Классен Гергард Николаевич | 1 |
Шымкент | Сатаркул Толеген Маратулы | 2 | |
Тараз | Ходжаев Абай Кенжетуреевич | 3 | |
Электр газбен дәнекерлеуші | Инженерлік-техникалық орталық, Орал қ. | Әлімғали Хамидолла Әлімғалиұлы | 1 |
Атырау | Утегенов Болатбек Жубангалиевич | 2 | |
Шымкент | Есеркегенов Досжан Усманович | 3 | |
Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі | Алматы | Касымов Акимжан Аделжанович | 1 |
Қостанай | Маркин Александр Васильевич | 2 | |
Ақтау | Исаев Нурлан Токтарбаевич | 3 | |
Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарі | Атырау | Салыков Алтынбек Айтуганович | 1 |
Ақтау | Абдиров Марат Ахметович | 2 | |
Алматы | Аскарбеков Бахтияр Турганбекович | 3 |
«Мұндай конкурсты өткізу – бұл кәсібі бойынша үздік маманды анықтау ғана емес, конкурстың негізгі мақсаты – жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, жұмыс мамандықтарының мәртебесін насихаттау және олардың кәсіби өсіміне ынталандыру», – деп атап өтті Конкурс комиссиясының төрағасы, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының Бірінші орынбасары Мұхатай Шаңбатыров.
Конкурс жеңімпаздары жоғары кәсіби шеберлігі үшін дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі Тел: +7(7172) 55 23 16