Ақтөбе облысының аумағындағы Үстірт жазығының шөлейтті жерінде орналасқан «Бозой» жерасты газ қоймасы күзгі-қысқы кезеңде Қазақстанның Ақтөбе және Қостанай облыстарының газ тұтынушыларын газбен жабдықтаудың әркелкілігін реттеуде әрқашан маңызды рөл атқарды. Кейін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры пайдалануға берілген кезде, «Бозой» ЖАГҚ Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының тұтынушыларын табиғи газбен қамтамасыз ету жүйесінің маңызды бөлігіне айналды.
Бүгінгі таңда «Бозой» газ қоймасы – бұл сарқылған газ кен орнында құрылған Еуразия континентіндегі ең ірі жерасты кешені. Қойманың ерекшелігі оның екі учаскеден – 1974 жылы құрылған «Жаманқоянқұлақтан» және «Жақсықоянқұлақтан» тұратындығында, бұл учаске 1982 жылы пайдалануға берілді.
«Бозой» газ қоймасын үздіксіз пайдалану жылдарында мұнда жабдықтар мен инфрақұрылымның әбден тозуы тіркелді. Қазақстанда осы бірегей газ қоймасына басқа балама болмағандықтан, оны басқаратын «Интергаз Орталық Азия» АҚ (ИОА) компаниясы оны толық қайта жаңартуды қолға алды.
Барлық жұмыстар екі кезеңде жүргізілді. Алдымен 36 жаңа пайдалану ұңғымалары бұрғыланды және жабдықталды, құрама пункттерге дейін шлейфтер салынды.
Содан кейін «Жаманқоянқұлақ» учаскесінде құрама пункттердің өздерін қайта жаңарту, сондай-ақ «Бозой» ЖАГҚ «Жақсықоянқұлақ» учаскесінде қайта жаңарту және құрылыс басталды.
Жақын арада газ қоймасы 4 млрд.м3 («Жаманқоянқұлақ» учаскесі 3 млрд. м3 және «Жақсықоянқұлақ» учаскесі 1 млрд. м3) газды сақтаудың жобалық көлеміне шығады. Жылыту маусымының ең жоғары кезеңінде газ алудың тәуліктік көрсетіші 27 млн. текше метрге дейін жетеді.
Тұрақты газбен жабдықтау туралы айтатын болсақ, жерасты газ қоймаларының жалпы магистральдық газ құбырларының күрделі жүйесінде қандай рөл атқаратынын түсіну маңызды. Шын мәнінде, ЖАГҚ газ тасымалдаудың барлық жүйесінің жұмысын реттеу құралы болып табылады. Осылайша, жер асты газ қоймасының жұмысы газды тұтыну көлемі артқан кезде оны реттеуге мүмкіндік береді және газдың үздіксіз жеткізілуіне кепілдік береді. Бұдан басқа, жер астындағы газ тек сақталып қана қоймайды, мұнда оны магистральдық газ құбырына беру алдында тазарту және кептіру жүргізіледі.
Осы мақсатта 2017 жылы газдың сапасын арттыру, оны ылғалдан ажырату үшін «Бозой» жер асты газ қоймасының технологиялық схемасы қазіргі заманғы «газды кептіру қондырғысымен» (ГКҚ) жарақтандырылды. Газ табиғи жағдайда тереңдігі 350-400 м жер асты қабаттарында сақталғандықтан, ол су қабатының буымен қаныққан. Газды кептіру қондырғысы көгілдір отынның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Осынау орасан газ қоймасы дұрыс жұмыс істеуі үшін жер үсті және жер асты жабдықтарының барлық жұмыс қабілеттілігін сақтау маңызды. Әдетте, бұл қажет болған жағдайда тұрақты техникалық қызмет көрсету, диагностика және жөндеу ісі. Сондықтан қоймалардың тозуын ескере отырып, оларды уағында жөндеу қажеттілігі туындайды.
Мысалы, «Бозой» ЖАГҚ-дан басқа, «ҚазТрансГаз» компаниялар тобына қарасты тағы екі жерасты газ қоймасы бар – бұл 650 млн.м3 газ сақтауға қабілетті Түркістан облысындағы «Полторацкое» ЖАГҚ және Жамбыл облысындағы «Ақыртөбе» ЖАГҚ.
Екі қойма да еліміздің ірі қалалары – Алматы мен Шымкентті газбен жабдықтаудың маңызды элементі болып тбылапды. «Полторацкое» ЖАГҚ 1960 жылдардың басында іске қосылған. Оның халық тығыз орналасқан шекара аймағында орналасқанын ескере отырып, компания оның жұмысының қауіпсіздік деңгейін арттыруды басым міндет деп белгілеп отыр. Осыған ұқсас көрініс 1986 жылы 850 м тереңдікте су тұтқыш-коллекторда құрылған «Ақыртөбе» ЖАГҚ-да байқалады. «Ақыртөбені» жаңғырту газ сақтау сыйымдылығын кезең-кезеңімен 130 млн м3-ден 200 м3-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Болашақта бұл көрсеткіш 400 млн м3 дейін өсуі мүмкін.
Жалпы жаңғыртылған жер асы газ сақтау қоймасының сенімді жұмысы жылыту маусымында газ тұтынуды тұрақтандыруға орасан ықпал етеді, ал күтпеген жағдайлар болған жағдайда елдің оңтүстік өңірлерін барынша қысқа мерзімде газбен қамтуға қауқарл.