QazaqGaz алдағы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысын белсенді түрде жүргізуде. QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов еліміздің оңтүстік өңіріне барып, жұмыстардың орындалу барысын бақылап қайтты. Мамандар өткен жылыту маусымы аяқталмай жатып, іске кіріскен. Соның арқасында, 2023-2024 жылғы жылыту маусымы штаттық режимде өтті. Еліміздің газ нысандарында төтенше оқиғалар мен апатты жағдайлар орын алмады.
Биыл, көктемде іс-шаралар жоспары бекітіліп, апта сайын объектілердің дайындығы пысықталуда. Басқарма төрағасы «QazaqGaz Aimaq» АҚ өндірістік филиалының ағымдағы жұмысымен танысты. Бүгінде филиал жылыту маусымына дайындық бойынша жергілікті әкімдікпен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр.
- Қызметкерлер модернизацияның IV-кезегін аяқтап, газ тарату желілерінің 2,5 мың шақырымын жаңасына ауыстырған.
- Саланы цифрландыру жұмысы қарқынды жүруде.
- Тұтынушылардың ыңғайлылығы үшін 70 мыңнан астам электронды есептегіш құрал-жабдық орналастырылған.
- «Ақбұлақ» ГӨС мен «Түркістан» КС жұмысы да тексерілді.
Бүгінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы өндірістік филиалдарының жылыту маусымына дайындығы 33% және сәйкесінше 28% құрап отыр.