Азаматтық | Қазақстан Республикасы |
Отбасылық жағдайы | Үйленген |
Білімі | Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы «Инженер-электрик» Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, мамандығы «Экономика және бизнес магистрі» Шлюмберже (Париж қ., Франция) компаниясының бас офисінде Management Development толық бағдарламасынан өтті. |
Еңбек өтілі | Халықаралық компанияларда өндірістік және басқарушылық тәжірибесі бар, 9 мемлекетте ірі жобаларды іске асыруға қатысты; 2002 – 2004 жж. – «Қарашығанақ» жобасында «Инжтехсервис» ЖШС инженер-электригі; 2004 – 2008 жж. – Шлюмберже халықаралық компаниясының Әлібек-мола және Қожасай кен орындарында супервайзер болып жұмыс істеді; 2008 – 2017 жж. – Теңіз және Королевское (ТШО) кен орындарының бас инженері, Сахалин-1 жобасының өңірлік операциялық директоры (Сахалин аралы, РФ), Шлюмберже халықаралық компаниясының Өңірлік операциялық директоры (Сауд Арабиясы); 2018 – 2022 жж. – Кувейт, Катар, Оман, Египет, Ресей Федерациясы және Орта Азия елдеріндегі Шлюмберже халықаралық компаниясының жаңа технологиялар маркетингі және сату жөніндегі өңірлік директоры; 2022 жылғы наурыздан 2023 жылдың қаңтарына дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды; 2023 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары. |