АГТС-30 Қандағаш Мұғалжар ауданының орталығы Қандағаш қаласы мен өндірістік/комуналдық кәсіпорындарды газбен тұрақты түрде қамтамасыз етіп, тұтыну көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Нысанның іске қосылуы осыған дейін көгілдір отыннан тапшылық көріп келген қаладағы көптеген коммуналдық кәсіпорындардың қиындықтарын жояды. Бүгінде қалада 200-ден астам өндірістік кәсіпорын, коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысан жұмыс істейді.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев: 

  • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың тұрмыстық деңгейін арттыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Жыл сайын елді мекендерге ауыз су беріп, газға қосу үшін қыруар қаржы бөлінеді. Ұлттық оператор «ҚазТрансГаздың» арқасында жыл соңына дейін облыстың барлық аудан орталықтары газдандырылса, бірнеше жылдан кейін көгілдір отын барлық елді мекендерге дейін тартылады. Мұғалжар ауданының әкімдігі жеке үйлер салу үшін «Нұрлы Көш» ықшамауданына жер бөлуді жоспарлап отыр. Ол ауданға сағатына шамамен 5 000 м3 газ қажет. Шағын кәсіпорындарға шамамен 2 000 м3 жетпей жатыр. Бұл тапшылық енді ҚазТрансГаздың көмегімен жойылады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Аманжол Тәжіғалиев: 

  • «КазТрансГаз Аймақ» халықтық компания екенін әрдайым дәлелдеп отырады. Бірнеше айдың ішінде Ақтөбе облысында 300 км газ құбырларын салып үлгердік. Үшқұдық ауылы, Комсомол, Ойыл кенттеріне газ бердік. Енді міне Қандағашта АГТС-30 станциясын іске қостық. Аудан орталығы қарқынды дамып келеді, себебі мұнда көптеген өндіруші, мұнай-газ кәсіпорындары орналасқан. Көптеген кәсіпорындар газдандыруға рұқсат ала алмай отыр, себебі қолданыстағы газ тарату станциясының қуаты шектеулі. Қандағаштағы ескі станцияның қуаты – сағатына 13 500-15 000м3 ғана. Ал қаланың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін 22 000 м3 қажет. Енді ешкім газдан тапшылық көрмейді. Бұл біздің еліміздің Тәуелсіздігіне қосқан үлесіміз.

«Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» ҚБ Ақтөбе филиалының директоры Бағдат Алдабергенов:

  • Бастапқыда газ жабдықтары, кәсіпорын жұмысындағы олқылықтар, тіпті алғашқы тұтынушылардың газды пайдалану қауіпсіздігіне қатысты сауатсыздығы аса қауіпті жағдайларға себеп болғаны рас. Дегенмен, қолымызды қусырып отырғанымыз жоқ. Өзіміздің біліктілігімізбен қатар тұрғындардың да сауаттылығын ұдайы арттырып отырдық. Бүгінде көгілдір отын тұрмысымыздың ажырамас бір бөлігіне айналды. Жыл санап газбен қамтылған аудандар саны артып келеді. Мінеки, Елбасымыздың қолдауының арқасында, Ұлттық оператор «ҚазТрансГаздың» тынымсыз еңбегінің арқасында өркениет игілігін пайдаланатын қазақстандықтар қатары арта түсуде.

"ҚазТрансГаз" АҚ – Қазақстанның газ және газбен қамту саласындағы Ұлттық операторы. "ҚазТрансГаз" АҚ Компаниялар тобына газ өндіретін және оның өнімдерін тасымалдап, жеткізумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

Пресс-служба  «ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі 

Тел: 8(7172) 55 23 16