Азаматтық Қазақстан Республикасы
Білімі

Қазақ Мемлекеттік Заң Университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған. Осы Университеттің құқық магистрі, Амстердам университетінде LL.M дәрежесін алған. "Болашақ"халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі.

Еңбек өтілі

Заң саласында 20 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Айдын Мұхаметжанов банк, өндіріс, мұнай-газ және теміржол салаларында, сондай-ақ басқарушы холдингтік компанияларда басшылық позицияларда жұмыс істеді.

Әр жылдары ол институционалдық және шетелдік инвесторлардың қатысуымен ірі инвестициялық жобаларға, бірігу мәмілелеріне (M&А) құқықтық қолдауды қамтамасыз етіп, халықаралық деңгейде компаниялардың мүддесін қорғады.

Ағымдағы лауазымға тағайындалғанға дейін "Самұрық-Қазына" АҚ және Қордың портфельдік компанияларында жұмыс істеді. Сондай-ақ, Kazakhstan Investment Development Fund Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.