Жастар слеті жұмысына Қазақстанның газ саласымен тағдырын байланыстырған 200-ден астам белсенді және мақсаты айқын жастар қатысты.
Осы іс-шараның басты мақсаты – елдің газ саласының дамуы жолында жастар әлеуетін ашуға жәрдемдесу, әлеуметтік белсенділерді, талантты жастарды анықтау, жас жұмыскерлердің кәсіби және шығармашылық құзыретін арттыру.
«Ұрпақ тәжірибесі және бүгінгі энергия келешек игілігіне» тақырыбындағы жастар слетінің жұмысын «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Хван Валентин ашты.
Слеттің панельдік сессиясына «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Жанұзақ Тайыр, «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары Қисметов Абзал қатысты.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директоры Хван Валентин қонақтарды қарсы алу сөзінде - газ саласы қызметкерлері – бұл адамдардың ерекше санаты, жауапты кәсіп, негізгі сапа – салмақты мінезге, еңбекқорлыққа және кәсіби шеберлікке құрылғандығын айтып өтті. Ол слетке қатысушылардың жұмыстарына табыс тіледі және жас буын қазақстандық газ саласы қызметкерлерінің үздік дәстүрлерін сақтайтынына және көбейтетіндігіне сенім білдірді.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» магистральдық газ құбыры желілік-өндірістік басқармасының бастығы Әлімжан Балмұханов сөйлеген сөзінде, қазіргі газ саласы қызметкерлерінің жастары Қазақстанның газ саласының жетістіктерімен ерекше мақтанатындығын айытты.
«Біз компанияның өндірістік жетістіктерімен, оның жоғары іскерлік репутациясымен және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін дамытуға бағытталған іске асырылып жатқан ауқымды жобаларымен мақтанамыз. ҚазТрансГаз мұнай-газ саласының драйверіне айналды және Орта және Орталық Азияда газ ағындарының технологиялық ең мықты операторы болып табылады» - деді ол.
Ә. Балмұханов өз сөзінде 3 мың жас мамандар атынан Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ басшылығына жас таланттарды қолдағаны және жас мамандардың өсуіне қолайлы жағдай жасап отырғаны үшін үлкен алғысын білдірді.
Слет бағдарламасында тренингтер және жеке тиімділік жөніндегі мастер-класстар, тимбилдинг, зияткерлік-спорт ойындары және көшбасшылық қасиеттерді оятуға, командада жұмыс жасауға дағдыларды арттыруға және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететін конкурстар болды.
Слет шеңберінде Корпоративтік оқыту провайдерлерінің бүкіл ресейлік рейтингінің «Жеке тиімділік» номинациясындағы жетекші бизнес- жаттықтырушысы Андрея Левченко жеке тиімділік жөнінде мастер-класс өткізді.
«Инновациялар мен стартаптар» сессиясының шеңберінде қатысушылар 9 инновациялық мазмұндағы авторлық жобаларды ұсынды. Үздігін сараптамалық комиссия анықтайтын болады. Жеңімпаз-жоба «ҚазТрансГаз» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесіне ұсынылатын болады. Комиссия қарау және талдау қорытындылары бойынша оны мақұлдаған жағдайда нақты өндірістік қызметке іс жүзінде ендіру жөнінде ұсынымдар енгізуі мүмкін.
Жас мамандар пікірінше слеттен алған басты әсер – ол білім және компанияның кадрлық іргетасына айналуы тиіс команданың бірлігі, болашақта өзара түсіністіктері маңызды мәселелерді шешуде негізгі фактор болатын жас мамандар арасында тәжірибемен алмасу.