Қоғам белсенділері, сарапшылар және колледж студенттері  Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылыс барысымен танысты.

Іс-шара барысында қатысушылар құрылыс-монтаж жұмысының барысын бақылады.  Негізгі объектілерді салу аймақтары, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды сақтау алаңдары көрсетілді. Нысанда жүзеге асырылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау шараларына ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар жобаның ағымдағы мәртебесін, құрылыстың алдағы кезеңдерін және жұртшылықпен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.