Білімі

1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді;

1991 жылы Францияда (Париж) «Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша оқыды. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек өтілі

1975 – 1976 жж. - Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист;

1976 – 1977 жж. - ГДР-дағы Кеңес әскерлері тобының құрамында әскери қызмет атқарды;

1977 – 1979 жж. - Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист;

1979 – 1984 жж. - Алматы облысы Балқаш ауданының «Тыңға 25 жыл» кеңшарында бас экономист, Алматы облыстық суармалы жерлерді игеру басқармасының жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы;

1984 – 1992 жж. - ҚР Қаржы министрлігінің аға бақылаушы-тексерушісі, бас бақылаушы-тексерушісі, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары;

1992 – 1996 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқарма бастығы, алқа мүшесі;

1996 жылғы ақпан – сәуір айлары аралығында – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетаралық қатынастар басқармасының бастығы;

1996 – 1998 жж. – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі;

1998 – 2000 жж. – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі;

2000 – 2002 жж. – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары;

2002 жылғы ақпан айынан бастап – ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас бақылау инспекциясының басшысы;

2002 жылғы шілде – 2003 жылғы маусым аралығында – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы;

2003 – 2012 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы;

2012 жылғы қыркүйек - 2016 жылғы қаңтар - бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған;

2016 жылғы 25 наурыз айынан бастап – алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.