Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінен, «Самұрық-Қазына» АҚ-дан, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-дан, «KAZENERGY» ЗТБ-дан және «ҚазТрансГаз» АҚ-дан Ұлттық газ компаниясының 232 қызметкері елдің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін мемлекеттік марапаттаулар, ордендер мен мерейтойлық медальдар, сондай-ақ құрмет грамоталары мен алғыс хаттар алды.

Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы елеулі жетістіктер үшін және мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен: «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары -Шаңбатыров Мұхатай; «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры (Басқарма Төрағасы) - Тасыбаев Манас; "Амангелді Газ" ЖШС бас директоры (Басқарма Төрағасы) - Құрманалиев Қанат; «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС бас директоры (Басқарма Төрағасы) - Естай Серік; «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының бірінші орынбасары - Хван Валентин; «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГБ директоры, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалының директоры - Сарбалин Мирбол; «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГБ директоры, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры - Мұртазаев Болат марапатталды. 

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі аға вице-президенті - Серді Ибулла; «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) - Сулейманов Рустам; «ҚазТрансГаз» АҚ газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі бас директордың орынбасары - Темірханов Ерқанат; «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары - Көшеров Даир; «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы) Қасенов Арман; «Азиялық Газ құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары - ЖБТ басшысы Сағынтаев Ғалымжан марапатталды.

ҚР Энергетика министрлігінен «Мұнай- газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін және «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісін «Амангелді Газ» ЖШС технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету бойынша мастер Маматкәрім Серікбаев және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің директоры Кнауэр Федор алды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның газ тасымалдау және маркетингі жөніндегі вице-президенті Қайрат Шәріпбаев марапаттауларды тапсыру барысында біздің еліміздің егемендігіне биыл 25 жыл толып отырғанын айтып өтті

«Қазақстан тарихи тұрғыдан алғанда ширек ғасырдағы осыншама қысқа уақыт ішінде елімізді жаңғыртуда, экономика мен әлеуметтік салада таңқаларлық жетістіктерге қол жеткізе алды- деді Қайрат Шәріпбаев. - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамашылығымен Тәуелсіздік жылдары болған оң өзгерістер арқасында Қазақстан кең халықаралық танымалдыққа ие болды және сәтті дамуын жалғастыруда. Осындай мықты даму қарқынында ҚазТрансГаз еуразиялық газ тасымалдау жүйесінде алпауытқа айналды. Біз 54 мың км газ құбырын салдық, қысқа мерзімдерде сығымдау компрессорлық станциясын, «Бозой» ЖАГҚ-ны, «Бозой» КС-ны және басқа да стратегиялық жобаларды аяқтадық. Сондықтанда бүгін марапаттау алған отандық газ саласының әрбір қызметкері үшін мақтануға себеп бар. Осы жылдар ішінде газ саласының қызметкерлері миллиондаған қазақстандықтар үйіне жылу мен жайлылық әкеле отырып, энергетикалық қауіпсіздікті және біздің Отанымыздың тәуелсіздігін нығайту ісінде қомақты үлес қосып отыр».