Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін:
Мемлекеттік награда - «Құрмет» орденімен
- Серді Ибулла Жұмағұлұлы - «ҚазТрансГаз Аймақ» Бас директоры наградталды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен - Құрманәлиев Қанат Рахимбергенұлы – «Амангелді Газ» ЖШС Бас директоры наградталды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен - Көшеров Даир Әділбекұлы – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары наградталды.
«Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасымен - Уаисов Уәлихан Сырлыбайұлы – «ҚазТрансГаз» АҚ Заң департаменті директорының орынбасары наградталды.
«ҚазТрансГаз» АҚ Құрмет грамотасымен:
- Базарқұл Абдулла Серғалыұлы – «ҚазТрансГаз» АҚ Активтерді басқару департаменті директорының орынбасары,
- Бозбаева Гүлсім Сабыржанқызы – «ҚазТрансГаз» АҚ Инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары,
- Арқалық Данияр Расулұлы – «ҚазТрансГаз» АҚ корпоративтік қаржыландыру және қазынашылық департаменті директорының орынбасары,
- Грибуцкая Елена Ивановна – «ҚазТрансГаз» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің сарапшысы,
- Жұмабаева Сауле Серікқызы – «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінің жетекші маманы наградталды.
Сонымен қатар ТМД-ға қатысушы елдердің электр энергетикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Ерқанат Уақбайұлы Темірхановқа – «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директорының трансформация және дамыту жөніндегі орынбасарына ТМД электр энергетикалық кеңесі «Заслуженный энергетик СНГ» құрметті атағын берді.
«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы бойынша құрмет грамоталарымен және ведомстволық наградаларымен барлығы 79 адам наградталды.