"QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов KIOGE 2026 аясында Solar Turbines Europe Солтүстік Еуропа және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Генрик Нильсонмен кездесті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын және газ инфрақұрылымының тиімділігі мен сенімділігін арттыру үшін заманауи технологиялық шешімдерді қолдануды талқылады. Тараптар технологиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және газ саласында тәжірибе алмасуға өзара мүдделілігін атап өтті.