Барлық газдандырылған өңірлерде, қазақстандықтардың үйлеріне көгілдір отын үздіксіз жеткізілуде. Тұтынушылардың барлық санаттары, оның ішінде ірі жылу-энергетикалық объектілер, коммуналдық кәсіпорындар, ЖЭО және шағын және орта бизнес кәсіпорындары табиғи газбен толық көлемде қамтамасыз етілген.
Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесі бойынша газ тасымалдау да тұрақты және толық көлемде жүзеге асырылуда. Газ транзиті бойынша барлық операциялар мәлімделген көлемдерге сәйкес ел аумағы арқылы үздіксіз жүзеге асырылып жатыр.
Бірнеше өңірлерде компрессорлық станциялардың аумағына кіру әрекеттерінің жолы кесілгені туралы атап өту қажет. ҚР ІІМ және күзет құрылымдарының күшімен мұндай ұмтылулар тоқтатылды, соның арқасында стратегиялық маңызды газ тасымалдау инфрақұрылымының жұмысындағы істен шығулардың алдын алуға қол жеткізілді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының газ тасымалдау жүйесінің барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Барлық өндірістік объектілер мен компрессорлық станцияларда тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде, күзет күшейтілді.
Газ саласының жұмыскерлері барлық қазақстандықтардың үйлерін жылумен және жайлылықпен қамтамасыз ету үшін еңбек вахтасын атқаруды жалғастыруда.