Халықаралық ADIPEC энергетикалық көрмесі мен конференциясы барысында “QazaqGaz” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов негізгі дискуссияларға қатысып, әлемдік энергетикалық компаниялардың өкілдерімен бірнеше кездесу өткізді.

Сонымен қатар, Санжар Жаркешов Қазақстандағы Shell концернінің төрағасы Али Аль-Джанаби және Shell-дың бас атқарушы директоры Ваэль Саванмен кездесіп, серіктестік перспективаларын талқылады. Бұдан басқа, ол ADNOС және Түркменгаз компанияларының басшыларымен кездесіп, бірлескен газ жобалары туралы сөйлесті.

Бұдан басқа, QazaqGaz бксшысы Chevron компаниясының халықаралық барлау және өндіру бойынша Президенті Клэй Неффпен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар Ақтөбе облысындағы маңызды геологиялық барлау жобалары, газды сатып алу бойынша ТШО-мен жасалған ұзақ мерзімді келісім шарт, сондай-ақ барлау, өндіру және газды өңдеу бағытындағы жаңа әлеуетті жобаларды талқылауға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, тәжірибе алмасу мақсатында газ өңдеу зауыттарына бару жөнінде трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізілді. Бұл Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын жүзеге асыру үшін пайдалы болады.

ADIPEC (Abu Dhabi International Petroleum Exhibition andConference) – Абу-Дабиде өтіп жатқан энергетика әлеміндегі ең ірі және маңызды оқиғалардың бірі. Конференция өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу және мұнай-газ саласындағы соңғы технологияларды таныстыру үшін сала жетекшілерін, сарапшыларды және үкімет өкілдерін біріктіретін алаң. Биылғы жылы іс-шара әлемнің әр түкпірінен 1500-ден астам сарапшылар мен 100 000-нан астам қатысушылардың басын біріктірді.