«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов PetroChina Президенті Хуан Юнчжан және PetroChina International атқарушы директоры У Цзюньлимен кездесті. Кездесу ҚР энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтің ҚХР жұмыс сапары аясында өтті. 

Келіссөздер барысында тараптар, бірлескен жобалар барысы, қазақстан газының Қытайға экспортын талқылады. 

«Біз PetroChina Company Limited компаниясымен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тиімді екіжақты қарым-қатынасты аса жоғары бағалаймыз. Бұл қарым-қатынастың стратегиялық маңызы, үлкен болашағы бар», - деді Санжар Жаркешов.

Кездесу соңында ұлттық компания басшысы серіктестерді бірлесіп жасаған жұмыс үшін алғыс білдіріп, алдағы қыс кезінде Қытайға жасалатын экспорт барысын тұрақтандыру үшін барлық шараларды жасайтынын жеткізді.