«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Түрікменстанда Инвестициялық форумға қатысты. Ұлттық компания басшысы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтің Түрікменстанға жасаған жұмыс сапары делегациясының құрамында болды.  

Жұмыс сапары кезінде ҚР Энергетика министрлігі мен «Түрікменгаз» Мемлекеттік концерні арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. 

Бұдан басқа, Түрікменстанның министрлер кабинетінің орынбасары Батыр Аманов және «Түрікменгаз» Мемлекеттік концерні төрағасы Мақсат Бабаевпен кездесу өтті. Тараптар ресурстық базаны арттыруға бағытталған бірлескен жобалар, сонымен қатар екіжақты тиімді негізде газ жеткізу мәселелерін талқылады.