Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары аясында «QazaqGaz» ҰК АҚ және Eni компанияларының өкілдері ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қол қойылған құжат QazaqGaz бен Eni еншілес кәсіпорны Agip Caspian Sea-ге газ саласындағы көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту технологияларымен алмасу, әзірлеу және енгізу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, компаниялар арасындағы ынтымақтастық бірлескен зерттеулерді, адами капиталды дамыту бастамаларын, тұрақты дамуға және декарбонизация технологияларына қатысты озық тәжірибелермен алмасуға бағытталған білім алмасу және оқытуды қамтуы мүмкін.