2024 жылғы CDP Климаттық бағдарламасы шеңбері аясында ақпаратты ашу қорытындысы бойынша "QazaqGaz" ҰК" АҚ өз көрсеткіштерін жақсартып, үш деңгейге көтеріліп, "В" рейтингін иеленді.

Алынған баға "QazaqGaz" ҰК" АҚ-ның климаттың өзгеруі саласындағы мәселелерді басқарудың жоғары деңгейін, парниктік газдар шығарындыларын басқару тұрғысынан айқындығын көрсетеді, сондай-ақ компанияның жаңа стандарттар мен орнықты даму жөніндегі бастамаларға бейімделуге дайындығын куәландырады.

Айта кетейік, "QazaqGaz" ҰК" АҚ Климаттық күн тәртібі шеңберінде үздік әлемдік тәжірибелерге қол жеткізу бойынша бірқатар іс-шараларды белсенді іске асыруда. 2023 жылы "QazaqGaz" ҰК" АҚ алғаш рет Carbon Disclosure Project (CDP) халықаралық климаттық рейтингін алу үшін сауалнама толтырған болатын.

Анықтама: CDP – қоршаған орта туралы ақпаратты ашудың әлемдегі жалғыз тәуелсіз жүйесін басқаратын халықаралық коммерциялық емес ұйым. CDP-ді қолдайтын инвесторлардың саны 700-ден асты, бұл барлық әлемдік институционалдық қаржы активтерінің төрттен бір бөлігін құрайды.