«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің Атырау облысына жұмыс сапары еліміздің газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуға бағытталған жаңа жобалармен танысумен жалғасты.
Ұлттық компания басшысы «Орта Азия-Орталық» МГҚ қазақстандық учаскесінде жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарын бақылады. Аталған магистральдық газ құбыры арқылы ресейлік газ Қазақстан территориясынан өтіп, Өзбекстанға тасымалданады.
Барлық техникалық іс-шаралар толық көлемде бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Бүгінде жөндеу - қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүруде.
- Маңғыстау облысындағы №14 учаске бойынша жөндеу - қалпына келтіру жұмыстары алдын-ала және толық көлемде аяқталды. Өткізу қысымы бойынша сынақ жұмыстары да сәтті жүргізілді.
- Батыс Қазақстан облысындағы №1 учаске бойынша жөндеу - қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.
- Атырау облысындағы №2 және №13 учаскелерінде жөндеу - қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр.
Айта кету керек, Өзбекстанға газ транзитін 2023 жылдың қазанында бастау жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың мамыр айында «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен «Газпром» ӘАҚ арасында Қазақстан аумағы арқылы табиғи газды Өзбекстан тұтынушыларына жеткізу туралы Келісімге қол қойылған болатын.
Бұдан басқа, жұмыс сапары кезінде Санжар Жаркешов күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарымен танысты. Бозой жерасты газ сақтау қоймасының жаңғырту жұмыстарын бақылап, көлемі 1 млрд текше метрді құрайтын Қашағандағы газ өңдеу зауытына да барып қайтты.