Атап айтқанда, тараптар бірлескен кәсіпорындар – «Азия газ құбыры» ЖШС мен «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС-ны әлемдік деңгейде ілгерілетуге келісті. Сондай-ақ тараптар газ тасымалдау жүйесінің үздіксіз және қауіпсіз жұмысын одан әрі дамыту мәселелерінде еншілес ұйымдарды басқару жүйесін жетілдіру үшін халықаралық стандарттарды енгізуге келісті.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар көп жылғы жемісті ынтымақтастық үшін ризашылықтарын білдіріп, болашақта бірлескен жұмысты одан әрі тиімді етуге уағдаласты.
Айта кетейік, биыл «Азия газ құбыры» ЖШС компаниясының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Бірлескен кәсіпорын 2008 жылдың 15 ақпанында ашылды