Екіжақты келіссөздер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) Саммиті аясында өтті.

Кездесуге қатысушылар ағымдағы газ тасымалдау бағытындағы бірлескен мегажобалар бойынша стратегиялық мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ, «Азиялық газ құбыры» МГҚ жобалары бар. 

Тараптар газ экспорты, еліміздің газ тасымалдау жүйесінің транзиттік потенциалы, газдың геологиялық барлауы бағытындағы жобалар бойынша QazaqGaz бен CNPC компанияларының екіжақты серіктестік орнату мүмкіндігін қарастырды.

Санжар Жаркешов CNPC Директорлар Кеңесінің төрағасы Дай Хоулянға ұзақ жылдар бойы компаниялар арасында орнаған серіктестік үшін алғыс айтып, болашақта да екіжақты нәтижелі жұмыс істейтіндеріне үміт білдірді.