QazaqGaz ҒТО жас мамандар Кеңесінің активі үшін мұнай-газ саласындағы көшбасшылық және трендтер жөніндегі воркшопты арнайы ұйымдастырды.
Интерактивті дәрістер сериясының қонағы ретінде "QazaqGaz барлау және өндіру" бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дархан Қалменов шақырылды. Ақпан айында ол Флоренцияда Baker Hughes компаниясының Senior Leader бағдарламасы бойынша дәріс алып, Астанаға оралды.
Бағдарлама түлегі Дархан Қалменов энергетика саласы нарығының макроэкономикалық модельдері мен динамикасына, сондай-ақ Baker Hughes технологиялары бойынша шолуға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Baker Hughes University ұйымдастырылған нетворкинг әр түрлі елдердің әріптестерімен үнемі желілік байланыс, ұсынатын компаниялардың көзқарасын жақсы түсінуге, газ саласындағы соңғы тенденцияларға сәйкес өзгерістерді талқылауға мүмкіндік берді. Осы және тағы басқа мәселелер воркшоп барысында жас мамандар Кеңесімен талқыланды.
Дархан Қалменов биыл бағдарлама аясында әлемнің түкпір-түкпірінен энергетикалық технологиялар көшбасшыларының қатысуымен өтетін Baker Hughes жыл сайынғы екі күндік форумына қатыса алғанын, оның ішінде QazaqGaz Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешовтың қатысқанын айтты.
Оқыту моделі нақты өмірлік тәжірибелермен және тематикалық зерттеулермен бөлісу қажеттілігімен дәрістердің, практикалық және топтық сабақтардың интерактивті форматын қамтиды. Мамандардың әрқайсысы энергетика саласындағы көшбасшылық қасиеттері мен білімдерін жетілдіруге, мұнай-газ өнеркәсібінің мамандарымен байланысты нығайтуға мүмкіндік алады.
"Италия университетінің басшылығы, әдетте, оқу бағдарламаларының әрқайсысына әлемнің 15-20 елінен 20-дан аспайтын адамды іріктейді. 2024 жылы Флоренцияда оқуға БАӘ, Катар, Оман, Ливия, Бахрейн, Сингапур, Малайзия, Колумбия, Аргентина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстанның мұнай-газ секторының мамандары жиналды", - деп нақтылады QazaqGaz халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жұлдыз Сейсенбекова.
Бұрын хабарланғандай, өткен қарашада Baker Hughes компаниясымен бірлесіп, QazaqGaz қызметкерлерінің қатарынан Италиядағы Baker Hughes университетінде интенсив бағдарлама бойынша оқуға қызметкерлер таңдалынып алынған еді. Енді мұндай мүмкіндікке бұдан да көп адам қол жеткізеді. Қызметкерлер оқуға жылына екі рет баруға мүмкіндік алды. Мұндай келісімге қос тарап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтарда Римге жасаған сапары кезінде келіп, тиісті құжатқа қол қойды.