«QazaqGaz» ҰК» АҚ бизнестің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін бағалайтын SDG Champions 2026 халықаралық байқауының қола жүлдегері атанды.

Байқау қорытындысы БҰҰ Жаһандық шарты желісі ұйымдастырған «Еуразиядағы бизнес және тұрақты даму» атты өңірлік форум барысында шығарылды. Додаға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның 20 жетекші кәсіпорындары қатысты.

Сарапшылар алқасы компанияның ESG-стандарттарын енгізуге қосқан үлесін жоғары бағалады:

  • экологиялық жауапкершілік пен климаттық бастамалар;
  • энергия тиімділігі мен өңірлерді газдандыру жөніндегі жобалар;
  • еңбек қауіпсіздігі, қызметкерлер мен жергілікті қауымдастықтарға арналған әлеуметтік бағдарламалар.

Бұл марапат QazaqGaz-дың бизнесті жауапты жүргізу стандарттарына бейілділігін тағы бір мәрте дәлелдейді. Компания елімізді газбен тұрақты қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ қоғам, экономика және болашақ ұрпақ үшін ұзақ мерзімді құндылықтар қалыптастыруға бағытталған жобаларды одан әрі іске асыра береді.