«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов жұмыс кездесуін өткізіп, газ саласындағы ұлттық компаниялардың стратегиясын талқылады.
Атап айтқанда, тараптар тауарлық газ ресурстарын ұлғайтуға және газ химиясын дамытуға бағытталған газ саласындағы бірқатар бірлескен жобаларды талқылады.
Санжар Жаркешов «ҚазМұнайГаз» басшылығына өзара тиімді ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. «Жұмысты бір жолға қою арқылы қос компанияның әріптестігін жаңа деңгейге шығара алатынымызға сенімдімін», - деді ол.
Кездесу соңында тараптар іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін QazaqGaz және «ҚазМұнайГаз» компанияларының қатысуымен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұруға келісті.