«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Baker Hughes компаниясының Даму жөніндегі директоры Мария Клаудия Боррас бастаған делегациясымен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның газ саласындағы сервисті дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын қарастырды.
Кездесу барысында QazaqGaz объектілерінде қолданылатын құрал-жабықтарға заманауи технологияларды енгізуге және газ тасымалдау жүйелері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету деңгейін арттыруға басты назар аударылды. Сондай-ақ процесстерді оңтайландыруға және компанияның инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға, газ құбыр жүйелері бойынша жобалар мен жерасты газ қоймалары бағытында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды.
Baker Hughes – 120-дан астам елде жұмыс істейтін, энергетикалық бағыттағы ірі халықаралық сервситік қызмет көрсету компанияларының бірі.