«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Chevron компаниясының Қазақстандағы басқарушы директоры Дерек Магнеспен кездесті. Кездесу барысында тараптар газ саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Chevron компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнеспен кездесті. Кездесу барысында тараптар газ саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
QazaqGaz бен Chevron серіктестігінің стратегиялық маңызы зор. Қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында компаниялар отандық газ өнеркәсібін дамыту, ішкі нарықтың газға деген қажеттілігін қамтамасыз ету, ресурстық базаны кеңейту бағытында жұмыс жасауда.
Еске салайық, 2022 жылдың күзінде Chevron корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» еншілес ұйымы арқылы «QazaqGaz» ҰК» АҚ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Онда энергетикалық қауіпсіздік, жаңа энергетика көздеріне көшу, сондай-ақ барлау, өндіру және газ өңдеу саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелері белгіленген.