"QazaqGaz" ҰК " АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов және жақында Орталық Азия және Ресей бойынша CNPC бас директоры лауазымына тағайындалған Чэнь Хуайлун стратегиялық әріптестік мәселелерін талқылады. 

Санжар Жаркешов CNPC-дің бұрынғы басшылығының компаниялар арасындағы көпжылдық ынтымақтастықты нығайтудағы сіңірген еңбегін атап өтіп, компанияның Орталық Азия мен Ресей бойынша жаңа Бас директорына қолдау білдіріп, екіжақты әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.

Кездесуде қазақстандық газды экспорттау, елдің газ тасымалдау жүйесінің транзиттік әлеуеті, сондай-ақ Қазақстанда геологиялық барлау бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Қол жеткізілген уағдаластықтар компаниялардың өзара тиімді әріптестігін күшейтуге және өңірде стратегиялық маңызды энергетикалық жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің ҚХР-на жұмыс сапары кезінде компаниялар жаңа жобаларды іске асыру перспективаларын да қарастырған болатын.