Бүгін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы – 2023 аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің пен «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешовтің және «Газпром» ЖАҚ Басқарма Төрағасы Алексей Миллердің қатысуымен қазақстандық делегацияның жұмыс кездесуі өтті.

Тараптар газды жеткізу, өңдеу және тасымалдау саласындағы ынтымақтастықтың барысы мен перспективаларын қарастырды. Кездесу аясында Санжар Жаркешов пен Алексей Миллер Өзбекстан Республикасының тұтынушылары үшін ресейлік табиғи газын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қойды.

Анықтамалық ретінде

2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі екіжақты жол картасына қол қойды.